Жауынгерлер ант берді

Бүгін Қостанай қаласындағы Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің саптық алаңында Жамбыл, Ақмола, Қостанай, БҚО, Маңғыстау облыстарынан шақырылған 145 жас сарбаз салтанатты түрде әскери ант берді.
Сарбаздарға сәттілік тілеп, жылы лебіз білдіру үшін Қостанай қаласының әкімдігі, Ұлттық ұлан “Орталық” өңірлік қолбасшылығының басшылығы, бөлімнің ардагерлер құрамы мен сарбаздардың ата-аналары қатысты.
– Ел алдында ант беру – нағыз ерлердің ісі. Қабылдаған күннен бастап әр жауынгер Республикамыздың алдында әскери қызметшісі атанып,  елін қорғау жолында қызметке түседі. Анттарыңа адал болыңдар, сарбаздар, – деді құттықтау сөзінде 6697 әскери құрамының командирі, полковник Талғат Әбдіров.
Айта кетейік, аталмыш әскери бөлім 51  жыл көлемінде Қостанай, Жітіқара қалаларында  сотталғандарды түзеу мекемесін күзету және қаламыздың ішкі тәртібін қорғау жолында аянбай тер төгіп, қызметтерін абыроймен атқарып келеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓