Әріптестік әлеуметке пайдалы

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) – бұл жергілікті билік пен жеке кәсіпкер арасындағы ынтымақтастық. Мақсаты – ел игілігі үшін білім, денсаулық, ТКШ, энергетика және көлік саласында бірлесіп инфрақұрылымды арттыру.20914625_1110881832379007_5877601796084253602_nБүгіндері бұл жоба өз жемісін беріп келеді. Бағдарламаға қатысқан тараптардың ұпайы түгел, әуелгі жетістік, халық риза. Соңғы уақытта МЖӘ жобасына ұсыныс білдіруші инвесторлардың саны артқан. Себебі олар үшін тиімді тұстары көп. Мысалы, тұрақты әрі ұзақ мерзімді рентабельді бизнес, жаңа инвестициялық мүмкіндіктер, жаңа кіріс көзі ашыла түспек.
Әріптестіктің арқасында биыл облыс орталығында бірақатар әлеуметтік нысан қолданысқа берілді. Көзі қарақты оқырман жыл басында «Жемчужина Стомед Уральская» жаңа көпбейінді медициналық орталығы ашылғанын оқыған болар. Міне, сол емхана да мемлекеттік және жеке кәсіпкерліктің қолдауымен бой көтерген еді. Қаладағы ескі ғимаратты қайта қалпына келітіріп, оны керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін бас-аяғы 520 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалған болатын. Сондай-ақ, бұл толық электронды қызмет көрсететін өңірдегі тұңғыш денсаулық сақтау мекемесі екенін айта кеткен жөн.DSC_3450Биыл бағдарлама аясында тағы бір игілікті іс атқарылды. Жеңіс саябағында балаларға арналған спорттық алаң ашылып отыр. «Футбол-ленд» деп аталатын бұл орталықтың құрылсына бюджеттен 30 миллион теңге, тағы 11 миллионы жеке кәсіпкердің қалтасынан бөлінген. Бұлай аталуы да тегін емес, жаңа нысан орталық стадионның маңында орналасқан және ойын алаңдары футболға бейімделіп жасалған-ды.
Аз ғана уақыт ішінде бұл мекен балақайлардың сүйікті орнына айналып үлгерді. Тегіс жасанды шөп төселген және заманауи 15 аттракцион орнатылған. Атап өтері, «Фтубол-ленд» жасыл желектің ортасынан орын теуіп отыр. Бұл келушілер үшін өте қолайлы, сондай-ақ, бүлдіршіндердің денсаулығына пайдалы.   
Жаңа алаңды облыс әкімі Архимед Мұхабетов аралап шықты.
-Уәде еткеніміздей, қалада әлі де демалыс орындары көбейіп, шаһардың көркі арта түседі. Назарбаев зияткерлік мекетбі жаныан ашылатын футбол манежімен қатар дәл осындай ойын алаңын орнату керек. Осылайша, кәсіпкерлермен байланыс нығая түседі,-деді өңір басшысы.
Қала әкімінің орынбасары Айдар Құсайыновтың айтуынша, келешекте «Футбол-ленд» мәдениет және демалыс саябағының иелігіне өтпек.
-Қазір құжаттарын әзірлеп жатырмыз. Жуық арада 16-шы аттракцион ашылмақ. Тағы бір айта кететін жайт, құрылыс кезінде парктегі ағаштарды оттап немесе басқа да залал келтірмедік. Жалпы, жобаға 41 млн теңге кетті. Әзірше орталыққа кіру тегін, бірақ саябақтың қарамағына өткен соң ақылы болады. Өйткені, алдағы уақытта ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Бірақ мүмкіндігі шектелуі жандар мен спорт мектебінің оқушылары үшін тегін болып қала бермек,-дейді ол.
Қала тұрғындары саябақтың сәнін кіргізген «Футбол-лендтің» қызығына тояр емес. Кешқұрым мұнда кісі қарасы көбейеді. Басты мақсат та осы емес пе еді.
-Осы жерден жиі өтемін. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын байқайтынмын, бірақ не нәрсе тұрғызғалы жатқанынан бейхабар болдым. Бірақ көзді ашып-жұмғанша тамаша бір демалыс орны пайда болды. Әрине, қуандым. Үйдегі немеремді әкелдім. Оған да қатты ұнады, енді күнде келетін болып алдық. Төрт қабырғада телефонға телміріп отырғаннан осы жақсы ғой,-дейді қала тұрғыны Жәмила әжей.
Мемелекеттік-жекемншік әріптестіктің аясында әлі де бірталай жұмыс еңсерілмек. Бұл Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасымен үндесіп тұрғандай. Келешкте елден шыққан азаматтар жерлестерге арнап жарқын жобаларды қолға алмақ.     
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓