Таулар алыстаған сайын биіктей түседі

– Мен бұл кісінің шәкіртімін. Ағамыз мұғалім деген атты ардақтап, мәртебесін биіктетіп, жан-жағына шұғылалы сәуле шашқан десем де болады. Өзі ақын, шахматшы, жан-жақты білімді, өз заманының жаңашыл педагогы, ұйымдастырушы. Ол кісіге қандай теңеу айтсаңыз да жарасымды. Шахмат ойнауды да сол кісіге қарап үйрендім. Қай жерде сөй-лемесін, сол сөздерінің барлығы да орнықты, дәлелді. Қалай тамсанбайсың, тәлім-тәрбие алып үйренбейсің, – деді бізге ҚР білім үздігі, ардагер ұстаз Қ.Сақауов.
Педагогикалық оқылымда саясаткер, ҚР Парламент Мәжі-лісінің IV шақырылымының депутаты В.Вишниченко, Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің үздігі С.Мачнева, Докучаев орта мектебінің директоры С.Мырзатаев, Сарыкөл ау-дандық орталықтандырылған кі-тапхана жүйесінің директоры С.Дүтбаев, қызы Г.Әлиева және тағы басқалар М.Шалабаев туралы естеліктерін, еліміздің болашағы үшін еткен еңбегі жайлы, қандай ұстаз болғандығы жөнін-де жылы-жылы әңгімелер айтты. Шешендер қай аудан мектебінің басшылығында болмасын, сол мектептің мәртебесі мен педагогтар ұжымының шығармашылығын, кәсіби біліктілігін биіктетіп, оқушылардың білімдерін, даралықтарын ұшқырлықпен ұштай білді, білім беру мен тәр-бие жұмысын жаңа бағытта ұйымдастыру нәтижесінде жоғары деңгейлерге көтерді, салауатты өмір салтын насихаттап, ұстаздар мен оқушыларды спортқа деген қызығушылығын арттырып, өлең жазып, елін-жерін сүйе білуге ұмтылдырды деді. Бүгінде М.Шалабаевтың білім саласындағы еңбегі, қалдырған ізі қашанда ұрпақ сабақтастығының жалғасы ретінде қалатындығын, балаларына жақсы әке, жұбайына адал жар болғандығын жеткізді.
Тағылымы мол педагогикалық оқылымда колледж студенттері педагог М.Шалабаевтың өлеңдерін оқыды.Оқылымда ұстаздың жұбайы Райхан Қайдарқызы, балалары, туған-туыстары және мектеп директоры болып қызмет атқарған аудандардан да қонақтар да әңгіме-естелік айтты.
Гүлназым
САҒИТОВА