Әзірге тұмау жоқ
Қостанай облысында 1 қазаннан бастап екпе егу жұмыстары жүргізілуде.
Бюджеттен бөлінген қомақты қаржыға француздық "Ваксигрипп" вакцинасының 26,5 мың данасы сатып алынған болатын. Вакцинаның құны 2300 теңге. Жалпы, медицина қызметкерлері, диспансерлік есепте тұрған балалар, қарттар үйінің тұрғындары мен балалар үйінің тәрбиеленушілері, мүгедектер, жүкті әйелдер тегін вакцина қабылдауға құқылы. Бүгінгі күнге дейін тұрғындардың 95 пайызы вакцина қабылдаған.
Мамандардың айтуынша, өткен эпидемиялық маусымда, яғни 2013 жылдың қазаны мен 2014 жылдың сәуір айы аралығында тұмау дерті бойынша 26 жағдай тіркелген көрінеді. Әзірге өңірде тұмау байқалған жоқ. Дегенмен, дәрігерлер арқаны кеңге салмай, сақтық шараларын қазірден қолға алған жөн деп отыр. Себебі, тұмау желтоқсан айының аяғы мен қаңтардың басында белең алуы мүмкін.
Қарлығаш
ОСПАНОВА