Ойын-сауық кешені ашылды
Лисаков қаласында «Алақай» балалар ойын-сауық кешенінің құрылысы 2017 жылы басталған еді. Қазір мұнда батут орталығы жұмыс істей бастады. Балалар қыстың соңғы күндерін осында өткізуде.
«Алақайдың» иесі Любовь Захарованың айтуынша, бұл жобаны ұлының қолдауымен іске асырған. Олар лисаковтық балалардың демалуы мен дамуы үшін осындай қадамға барған. Бұған дейін бұл отбасы мектепке дейінгі тәрбиеге назар аударып, бұрынғы «Арай» шатхана базасында ашылды. Одан кейін «Балақай» жеке балабақшасын ашты. Енді мектеп жасындағы балалардың ақыл-ой және физикалық дамуы үшін ашып отыр.

«Соңғы жылдары бұл Лисаков қаласында ашылып жатқан бірінші сауда нысаны емес, қала қонақтары мен біздің тұрғындар үшін толыққанды отбасымен келіп демалатын орын. Мұндай дамыту орталықтарының көптеп ашылуын тек қана құптауға болады», – дейді Лисаков қалалық білім бөлімінің басшысы Елена Бурдыка.
Айта кету керек, жергілікті билік әлеуметтік-әріптестік бизнесті қолдау аясында іргелес аумақты абаттандыруға көмектескен. Арнайы көліктерге тұрақ қойылған. Жан-жағына тротуар төселіпті.
«Батут аренасын жаз бойы Семей қаласының мамандары келіп істеді. Барлық стандарттар талапқа сай, қауіпсіздік шаралары жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, аренада балаларды бақылайтын екі жаттықтырушы және бар», – дейді Любовь Захарова.
Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келген сапарында аталған кешенге арнайы барып, жұмысымен танысып қайтқан еді.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Лисаков қаласы.