Энергетиктерге мәртебелі марапат табыс етілді

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың біздің облысқа сапары барысында "Лисаковскгоркоммунэнерго" коммуналдық компаниясының қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ұсынылған еді. Көп кешікпей марапат өз иелерін тапты. ҚР Президентінің Жарлығымен "Лисаковгоркоммунэнерго" коммуналдық кәсіпорнының ауысым мастері Марина Бондаревская энергетика саласындағы жемісті еңбегі және елеулі көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденімен марапатталды. Ал "Лисаковгоркоммунэнерго" өндірістік шаруашылық бірлестігінің  операторы  Юрий Уваренко  "Ерен еңбегі үшін" медалін омырауына тақты.
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓