Жаңа ереже күшіне енді
27 қаңтардан бастап Қазақстанда шетелдік азаматтардың келуі мен тұрақтап қалуына қатысты жаңа ережелер күшіне енді.
Қостанай облысы ПД көші-қон қызметі шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында 180 күн кезең ішінде күнтізбелік 90 күн тұра алатынын еске салады. Яғни,алты ай ішінде олардың жалпы болу мерзімі 90 күннен аспауы тиіс.
Бұл талап ЕАЭО елдерінің азаматтарына да қолданылады, олар да Қазақстанда алты ай ішінде 90 күннен көп Қазақстан аумағында тұрақтай алмайды.
Қазақстан Республикасында болуды шектейтін жаңа ережелер уақытша тұруға рұқсаты бар немесе виза алған шетелдіктер үшін қолданылмайды.
Уақытша тұруға рұқсатты келесі негіздер бойынша алуға болады:
* Жұмысқа
* Отбасымен қосылу
* Оқуға
* Емделуге
* Миссионерлік қызмет
* Кәсіпкерлік қызмет
Рұқсат алу үшін қабылдаушы тарап ХҚКО-ға жүгінуі қажет.