Жерлестеріміз Еуропадан дауыс берді

Елден мыңдаған шақырым жерде азаматтық борышын өтеген жерлестеріміздің бірі – Қостанай әйелдер көшбасшылары клубының басшысы Гүлвира Құдайқұлова
– Мен Лондонда оқып жатқан ұлыма қонаққа келдім, біз онымен бірге ҚР Елшілігінің жанындағы сайлау учаскесіне бардық. Ол жерге алғашқылардың бірі болып келдік. Англияда тұратын қазақстандықтардың Отанынан алыс болса да өз борышын беруге келгені қуантады. Айтпақшы, ұлым екеуміз бюллетеньдерді урнаға түсірген сәтте елшілікке «Хабар» телеарнасының тілшілері келіп, олар осы сәтті бейнебаянға түсірді. Мен не айтайын? Мен азаматтық борышымды жаңа Қазақстанға, тұрақты, тәуелсіз және бейбіт елге, балаларымыздың болашағына дауыс беру арқылы орындадым,- дейді Гүлвира Құдайқұлова.

– Көптеген адамдар, әсіресе студенттер барлығы жақсы көңіл-күйде. Біздің бұл жерден кеткіміз келмеді, – деп атап өтті Ирина Сулименко өз парақшасында.