Талдықорғанда – «Жетісу», Қостанайда – «Тобол»
Әлем халықтарын бір жерге жинап, бір тілде сөйлетіп қойған ғаламат дүние бар. Ол – футбол пәлсафасы. Бірақ, футбол тілі біреу болғанымен, тамыры әр қилы, әр тілді болады. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» дегендей, тағы жазып отырған мәселе – Тобол (Тобыл) ФК-ның атауы жайлы. Былтыр осы мәселе хақында кішігірім мақала жаздым. Онда жай ғана айтылды да қойды. «Тамшы да тама-тама тас жарады» деген сөз бар. Сол себепті, бұл жағдайға бейжай қарамай, соңына дейін бару қажет деп ойладым.
Облыстың бұрынғы әкімі Архимед Мұхамбетов жергілікті командаға барынша қолдау білдірді. Тіпті оған бөлінетін қаржыны көбейтіп те берді. Алайда, қанша қаржы бөлінсе де команда айтарлықтай нәтиже көрсете алмады. Әрине, суперкубок алып, ел чемпионы атанғаны белгілі. Бірақ, сол ел чемпионы атағы да біраз дау-дамаймен келген болатын. Ал, командаға қойылған негізгі талап еурокубоктық жарыстардың топтық кезеңіне жолдама алу еді. Команда бұл жағдайда қауқарсыздық танытты. Былтырғы маусымда кескін-келбеті елге бейтаныс легионерлер келді. Ол легионерлер үмітті ақтамады. Сонда да команда отандық ойыншыларынан гөрі сырттан келетіндерге шектен тыс жалақы төлейді. Командадағн кеше ғана кеткен З.Тошич сияқты Еуропа көрген ойыншыны бұл жерге араластырмасақ та, И.Сергеев деген өзбекстандық шабуылшының айына қыруар жалақы алуы тіпті күлкілі жағдай. Сол Сергеев бір жылда 10 голдан артық доп соқпаған. Одан гөрі қосалқы құрамда ойнаған А.Жақсылықовтың ойыны әлдеқайда артық еді. Осы тұрғыдан келгенде команда бір сәт жастарға да назар аударып қою қажет-ақ. Мәселен, жастар командасында Н.Жақсылық деген ойыншы болды. Өте керемет ойнайды. Тіпті, Жақсылық түркияның бір командасында байқаудан да өткен болатын. Түріктер бізден гөрі жас таланттың бағын ашатын сияқты. Өткен іс өтті. Енді жаңа маусымға тыңғылықты дайындық керек.
Жалпы, біздің командаға буын алмасу процесі қажет сияқты. «Неге жергілікті жастарды байқап көрмеске?» деген ой келеді кейде. Мысалы, Жамбылдық Тараз командасы өздерінің түлектерінің шамасын байқап, бір маусымды жастармен өткізді. Тіпті Еуропаның маңдайалды ұжымдары да буын алмасу процесін өткізіп, өсіп жатыр. Қашанғы ескі жүйемен ойнай береді. Қазіргі футбол үлкен өзгерістерді керек етеді. Жаңа маусымнан көп үміт күтеміз. Жоғарыда атап өткеніміздей, команданың атауын қазақыландырған дұрыс. Чемпионат басталмай тұрып, жаңа жылдағы жаңа бастама осы болса дейміз. Спортта патриотизм деген дүние бірінші орында. Ал, патриоти-
змнің негізі ұлттық тілден бастау алады. Кезінде, Талдықорғандық «Жетісу» футбол клубы да «Жетысу» болып аталған еді. Спорт саласындағы қазақ тілінің мәртебесін ойлаған жандар дереу команда атауын қазақшалады. Біз қай елдің біріншілігінде өнер көрсетеміз? Бұл Қазақстан чемпионаты. Оның үстіне, ел біріншілігіндегі атауы орысша жалғыз команда болу – команда басшылығына да үлкен сын. Жаңадан тағайындалған облыс әкімі Құмар Ақсақалов та спорт саласынан алыс емес. Облыстың негізгі спорт командасы да осы «Тобыл» футбол клубы. Құмар Іргебайұлы бұл жағдайды басты назарға алып, «бір әріпті» өзгертіп береді деп ойлаймыз.

Жәнібек Есімсеріұлы,
Жанкелдин ауданы.