Жылу құбырындағы апат

Рудныйда кеше 26 қаңтарда сағат 14.00-де Кеншілер көшесінде диаметрі 530 мм жылу трассасында апат болды. Салдарынан 24 көп қабатты үй, 59 жер үй және 16 заңды тұлға жылусыз қалды.
Кеше сағат 16.00-де апат болған орын анықталды. Импульсті жою бойынша барлық қажетті жұмыстар жүргізілді. Бүгін таңғы 6.30-да жөндеу жұмыстары аяқталды. Жылу құбырлары суға толтырылып жатыр. Жөндеу аяқталғаннан кейін суды пайдалану туралы хабарланады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓