Президент: “Сайлау – елді бөлетін емес, біріктіретін науқан”

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев алдағы депутаттар сайлауы, саяси науқанның мән-маңызы туралы ойын айтты, деп хабарлайды Аkorda.kz.
«Бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталады. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл – қалыпты демократиялық үдеріс. Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды. Заңға қайшы келмейтін барлық іс-әрекетке рұқсат беріледі. Дегенмен, бір нәрсені бәріміз қаперде ұстауымыз керек. Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек. Тағы да айтқым келеді: үміткерлер қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болғаны жөн. Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізеді. Әрбір отандасымыз осыны дұрыс түсінуге тиісті», – деді Президент.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓