Вокзалда намазхана ашылды
Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентіндегі темір жол вокзалында намазхана ашылды.


«Осындай үлкен станцияларда және адам көпшілік жиналатын орындарда намазхананың болғаны дұрыс. Намазхананың ашылуына демеуші болған азаматтарға Алла разы болсын», – дейді ауданның бас имамы Ислам Хамзин.

Айта кетейік, мұндай намазханалар бұған дейін Қостанай вокзалында, «Kostanay plaza» cауда орталығының ішінде ашылған еді.