Биыл абаттандыру мәселесі қалай шешіледі?

Өткен жылы алматылық мердігердің кінәсінен қала гүлзарсыз қалған еді. Жағдайдың мән-жайы анықталып, қазір сотта мердігерге аванс ретінде төленген 16 миллионды қайтару ісі қаралып жатыр. 
Өткен жылы қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға 948 миллион теңге жұмсалған. Аулаларды қауіпсіз ету үшін 40 бейнебақылау камерасы орнатылды. 
75 миллион теңге бюджет қаражаты қайда жұмсалды? «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында бес аулада спорт және балалар алаңдары салынды. Бірақ абаттандыру жұмыстарын қала тұрғындары сынға алып,  әлеуметтік желілерде қызу талқылады. Мемлекеттік сатып алудың ұзаққа созылуына байланысты келісім-шарттар сәуір, мамыр айларында ғана жасалды. Соның салдарынан былтыр жайнаған гүлзарлар мен масатыдай көгалдар болмады.
«Мейірім» корпоративтік қорына гүл отырғызу және күтіп-баптау жұмыстарын жүргізу үшін берілген 56 млн теңгеге жасалған келісім бұзылды. Мердігер жауапсыз деп танылып, 40 млн теңгеге көлеміндегі қаражат қайтарылды. Қалған 16 млн теңгені сот арқылы қайтару жұмыстары жүргізілуде», – дейді Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы Раиса Айтқожинова.
Былтырғы олқылық қайталанбауы үшін қала әкімі Марат Жүндібаев рұқсатты заңнамалық деңгейде бекіту туралы ұсыныспен Қаржы министрлігі мен Әділет министрлігіне хат жолдады.
«Өткен жылғы қателік қайталанбас үшін біз мемлекеттік сатып алуларды принципті түрде жүргізіп жатырмыз. Егер бәрі жақсы болса қаңтар-ақпан айларында,бізде келісім-шарт жасалып, әкімшілер мен мердігер компания белгілі болады. Мердігер міндетті түрде өз өңірімізден болады», – дейді қала әкімі.
Жалпы, мемлекеттік сатып алу ережелеріне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар тек абаттандыру бойынша ғана емес, барлық облыстың өкілдерінен түсіп жатыр. Жергілікті фирма мердігер ретінде тиімдірек жұмыс істейтін болады, дейді шенеуніктер. Дегенмен, бұл мәселеде өзгерістер бола ма, жоқ па, әлі белгісіз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓