Адасқанның айыбы жоқ…

Арқалық қаласындағы «Пробация үйінде» аяғын шалысбасып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған жандардың өмірге бейімделіп, түрлі әлеуметтік көмектерді алуына жағдай жасауға арналған арнайы шара өтті.
"Шараның мақсаты – пробация бақылауындағы қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығына шектеу жасалған азаматтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесіп, оларға өзге де жан – жақты әлеуметтік қолдау көрсету. "Пробация үйі" шарасы аясында бас бостандығына шектеу жасалған 45 жеке тұлғаны қабылдап, нәтижесінде 6 адам тұрақты жұмысқа қабылданды. Қалған азаматтарға медициналық қызмет алу, құжаттарын рәсімдеу, баспанамен қамту жайлы әлеуметтік – құқықтық көмекалу жолдары жөнінде ақпарат берілді", – дейді Арқалық қалалық пробация қызметінің инспекторы, Әділет аға лейтенанты Сырым Оразғалиев.
Бүгінге текті қала бойынша Пробация бақылауында қылмыстық жауапкершілікке тартылып, басбостандығына шектеу жасалған 53 адам есепте тұр.
 
М.Бекетұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓