Зор сеніммен қолдаймыз
Бүгін ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев жетінші шақырылымдағы Мәжілісті тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындау туралы шешім қабылдады.
Бұдан былай Парламент Мәжілісі депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім бойынша, 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланатын болады.
Аралас сайлау жүйесі бойынша (50/50 қатынасымен) облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына да сайлау өтеді.
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлауда сайлаушылар бір мандатты округтердегі кандидаттарға ғана дауыс береді.
Мен қалалық мәслихат депутаты ретінде сайлау үрдісінің жаңаруын қолдаймын. Мысалы, осы жолы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға квота заңнамалық тұрғыдан бекітілуде.
Сондай-ақ, тәжірибелі азаматтармен бірге жастардың да мемлекет өміріне белсене араласуы аса маңызды.
Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы мемлекеттік институттарды қайта жаңғыртудың соңғы кезеңі болады және «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын нақты мазмұнмен толтырады.
Құрметті жерлестер! Осынау жауапты уақытта бәріміз азаматтық борышымызды сезініп, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына белсенді қатысамыз деген сенімдемін!
Сабыржан ТАСМАҒАНБЕТ,
«AMANAT» партиясы Арқалық
қалалық филиалының төрағасы.