PRIMARIES: пікірсайыс кезеңі
Бүгін Қостанай қаласынан праймеризге қатысушылардың екінші легі "Жастар сарайы" ғимаратында қоғамдық пікірталасқа түсті. Алғашқы жарыссөз 14 қыркүйекте өткен еді.Облыста партияішілік іріктеудің үгіт-насихат кезеңінде 164 пікірсайыс өткізу жоспарланған. Праймеризге қатысушылардың жалпы саны – 833 адам. Олардың барлығына қоғамдық сөзжарысқа қатысуға рұқсат етілді.
Бүгінгі дебаттар барысында үміткерлер билік пен халықтың ортақ мүддесі саналатын ең өзекті мәселелерді талқылады. Пікірсайыс екі раундта өтеді: бірінші раундта үміткерлер өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен таныстырады, ал екінші кезеңде «сұрақ-жауап» сессиясына қатысады.⠀«Қатысушылардың әрқайсысының өз сайлауалды бағдарламасы дайын. Үгіт-насихат жұмыстарының барысы туралы олар ұйымдастыру комитетіне хабардар етеді, материалдарды www.primaries.kz сайтта немесе арнайы мобильді қосымшада орналастырады. Олармен кез келген партия мүшесі таныса алады. Қазіргі таңда біздің қатысушылар әртүрлі қауым өкілдерімен кездесу өткізуде, сондай-ақ облыстық филиалдың әлеуметтік желілеріндегі парақшада тікелей эфирде көрсетілетін қоғамдық пікірталасқа да қатысуда», – деп түсіндірді партияның Қостанай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Ахметчин.⠀Айта кетейік, пікірсайыс әр үміткер үшін үгіт-насихат жұмыстарының алдындағы міндетті шарты. Сөзжарыс онлайн дауыс беру басталардан бір күн бұрын – 30 қыркүйекте аяқталады.