Адам өміріне араша

Әулиекөл орталық аудандық ауруханасының инсульт орталығында алғаш рет церебральды ангиография және коронарография отасы жасалды. Бұл – ми мен жүрек тамырларын зерттеудің ангигорафиялық процедуралары.
«Тексерістен өткен пациенттер жағдайларына қарай одан әрі ем қабылдайтын болады. Бір пациентке жүрек тамырларын шунттау бойынша ота қажет. Кейін кардиохирургке жіберіледі», – дейді дәрігер рентгенхирург, PhD докторы Темірхан Бегісбаев.
Орталыққа алынған жаңа жабдықтың күрделі оталар жасауға берер мұмкіндігі мол. «Жабдық жақсы жұмыс істейді, сурет сапасы өте жақсы, кардиологиялық және неврологиялық операцияларға жарамды, біз күткеннен де мықты құрылғы екен» дейді дәрігерлер. Ангиографиядан кейін науқастар өздерін жақсы сезінеді, бір сағаттан кейін барлығы аяққа тұрып, бөлім ішінде жүруге рұқсат етіледі. Әулиекөлдік инсульт орталығында инсульт пен инфаркт алған науқастарға шұғыл хирургиялық ота жасалуы да мүмкін. Бұл қаншама адамның өмірін алып қалады. 
«Орталықта алдағы уақытта қан айналымы жүйесі бұзылған науқастарға көмек көрсетіліп, ем беру жұмыстары одан әрі жетілдіріле түспек. Бізді көп жұмыс күтіп тұр. Жүрек ауруымен ауратындар аз емес. Енді аудан орталығында науқастарды қабылдап, ем беріп, бұдан да күрделі шараларды қолға аламыз», – дейді Темірхан Бегісбаев.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓