ТікТок-та қазақ тілі пайда болды
ТікТок әлеуметтік желісін енді қазақ тілінде пайдалануға болады. Ол үшін қосымшадағы интерфейстен тілді таңдасаңыз болғаны, деп хабарлайды Экспресс К.
Ол үшін желі қолданушылары қосымшаның төменгі оң жақ бөлігіндегі "кескінді" басуы керек. Одан кейін жеке мәліметтеріңіз сақталатын парақшаға өтіп, үш сызықпен бейнеленген белгіні таңдау қажет. Сол кезде "параметрлер мен құпиялылық"бөлімі ашылады. Ал ол жерден өзіңізге керекті тілді, мысалы қазақ тілін таңдай аласыз.
Айта кетейік, өткен жылдың қазанында Астанада өткен Astana Media Week медиафорумы барысында Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solutions директоры және TikTok Kazakhstan компаниясының басшысы Анастасия Панина қосымшаның қазақ тіліне аударылатынын айтқан болатын.