Тозығы жеткен шамдар

Соңғы жылдары қарқынды жүріп жатқан қала көшелерін күрделі жөндеу нәтижесінде Қостанай қаласындағы жарық шамдар желісі де жаңартылып, толықтырылды. Бүгінгі күні қала көшелерінің 286 км.жарықпен қамтылған. 7 500 әр түрлі шамдардардың ағымдағы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында 41,5 млн.теңге қаржы бөлінді.374

Электр қуатын үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында,  қуатты 2-2,5 есе аз пайдаланатын  диодты жарық шамдарына көшу қажет дейді мамандар. Сонымен қатар жарықты автоматты түрде басқару жүйесін енгізу қажет. Бұл да қуатты үнемдеуге септігін тигізер еді. 2014 жылы Дружба, Қонай елді-мекендерінде, солтүстік-батыс және Узкоколейное бөлігіндегі көшелерді жарықпен қамтамасыз ету үшін 17 млн.теңге жұмсалған.IMG_2592__

Айтқарылған жұмыс ауқымды болғанымен, облыс орталығы көшелерінде әбден тозығы жеткен, пайдалану мерзімдері өткен шамдар аз емес. Қостанай қаласының 30% жарық шамдарын жаңарту қажет етеді.

Махаббат Бекбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓