“Құрметті профессор” атанды

Сейітбек Бекенұлы аталған оқу орнында кезінде он жылға жақын проректор болып қызмет жасаған. Институттың қайта құрылуына атсалысып, алғашқы құрылу сатысына сүбелі үлес қосқан азамат.
"Азды-көпті еңбегіміздің ескерілгеніне қуанып жатырмыз. Жанымызды жылы сезімге бөлеген әріптестерімізге айтар алғысымыз шексіз", – дейді ол қуанышын бөліскен жандарға ағынан ақтарылып.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.