“Мерейіңді өсірер мейірімділік”
13 қараша – Халықаралық зағиптар күні. Осы күнге орай облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана түрлі шараларды ұйымдастыруда.
Олар онкүндік жариялап, Брайл әліппесі бойынша оқулар сайысын ұйымдастырды. Аталмыш әліппе қанша жанның жан дүниесін байытты. Көзі көрмесе де кітап оқуға жол ашылды. Сайысқа кітапсүйер қауымның бәрі де қатысты.
Олар кітапты жылдам әрі мәнерлеп оқу бойынша сынға түсті. Және білімі мен дайындығына қарай бірнеше топқа бөлінді. Тілек білдіріп, сайысқа түскендер жоғары деңгейде таныла білді.
Биылғы жылы байырғы оқырмандармен қоса осы жүйе бойынша оқуды үйреніп жүрген жас оқырмандар да бақтарын сынады. Байқау соңында үміткерлердің барлығы да сыйлықтармен марапатталды. Осы онкүндік ішінде кітапханада окулистермен кездесулер өткізіліп, өзге де викториналар және ашық есік күні өтеді.
Ал осы онкүндік "Мерейіңді өсірер мейірімділік" атты Достық үйінде өтетін кең көлемді мерекелік кешпен қорытындыланбақ.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА