Көрген көзде жазық жоқ

Жангелдин ауданының Торғай ауылында «Қазпочта» бөлімшесі орналасқан мекенжай – Ы.Алтынсарин көшесі. Бірақ, неге екені белгісіз, нақ осы ғимаратта ұлт-азаттық көтеріліс батырларының бірі Қасымхан Алтынсарының есімі жазылған тақтайша ілініп тұр. Мұндай "ерекшеліктің" пайда болғанына екі жылдан асты. Жылы жер, жұмсақ креслода отырған мекеме басшысын ғимараттың сыртындағы мекенжай қызықтырмай ма? Әлде тұлғалардың тектері ұқсас болса, есебі түгел деп жүр ме?
Амангелді Имановтың сенімді серігі болған батырдың есімін ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринмен шатастырғандардың селсоқ әрекетіне қалай өкпелемейсіз?

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓