Құбыр неге жиі жарылады?

Қаладағы "Аэропорт" шағын ауданында 2016 жылдан бастап құрылыс қарқынды түрде дами түсті. Бүгінде тоғыз қабаттан тұратын түрлі-түсті үйлер бой көтеріп, мектеп салынып, әдемі шағын ауданға айналды. Бір әттеген-айы мұнда жылу құбыры жиі жарылып, тұрғындар қыстың көзі қырауда әбігерге түседі.
Өткен жылды айтпағанның өзінде жаңа жыл басталысымен, 5-қаңтар күні шағын аудандағы 30 тұрғын үйде бір күнге жылу беру тоқтатылды. Бұл дегеніміз екі мыңнан астам тұтынушы қыс ортасында жылусыз қалды деген сөз. Абырой болғанда, коммуналдық қызмет мамандары кешкі сағат сегізге дейін жөндеу жұмыстарын тиянақтылап, жарылған құбырды жөндеді. Жаңадан бой көтерген шағын ауданда құбырлар неге жиі жарылады? Жылыту маусымы басталғалы бері iKOMEK орталығына дәл осы мәселе бойынша 699 өтініш келіп түскен. Әсіресе, Садовая, 49, Ворошилова, 54, Станционная, 66,  "Аэропорт" шағын ауданы  20, 21 үй мекенжайларының тұрғындары жылу беру жүйесіне жиі шағымданады. Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев аппарат кеңесінде дәл осы сауалды қалалық ЖКШ бөліміне жолдап, болашақта құрылыс жұмыстары барысында инженерлік желілерді тарту ісіне мұқият қарауды тапсырды.

 

 
– "Аэропорт" шағын ауданындағы жылу құбырларында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Бұл жағдай неге жиі қайталанады? Мұндағы жылу магистралының салынғанына он жыл да болған жоқ. Ескі деуге келмейді. Алдағы уақытта жұмыстың сапасына мұқият қарау керек,-деді шаһар басшысы Марат Жүндібаев.
 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суретті түсірген Б. АХМЕТБЕКОВ.

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓