Баспаналы болу баршаға бұйырсын!

Қазіргі уақытта Қостанай қаласы әкімдігінің жергілікті атқарушы органы жанындағы тұрғын үйге кезегінде 13 140 адам тұр. Оның 5,5 мыңы – мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар; 5 мыңға жуығы – әлеуметтік аз қамтылғандар; 442-сі – көп балалы отбасылар; 2,2 мыңы –  жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар; 4 адам – жалғыз баспанасы авариялық деп танылған ҚР азаматтары.
Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімі kezekte.kz "Shanyraq" тұрғын үйге кезекке қою" электрондық жүйесі арқылы 1096 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Бұл туралы Бұл туралы Қостанай қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ержан Сүлеймен өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте баяндады.
«Қостанай қаласының коммуналдық тұрғын үй қорының балансында 2 413 тұрғын пәтер тұр. Оның 712-сі салынды және "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй берілді. Олардың қатарында көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, жетім балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, жасына байланысты зейнеткерлер бар. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылдан бастап «Аэропорт» және «Юбилейный» шағын аудандарында жалпы пәтер саны 2356 болатын 30 көппәтерлі тұрғын үй салынды, жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға және "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің "Отбасы банк"АҚ салымшыларына жеңілдікпен пайыздық мөлшерлемелер бойынша іске асырылды», – деді Е.Сүлеймен.
Ал халықтың әлеуметтік осал топтары үшін  жалға берілетін 7 үй пайдалануға берілген, пәтерлердің жалпы саны – 561. Сондай-ақ, "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында қайталама нарықтан 151 пәтер сатып алыныпты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓