Ажары кірген Аркалық
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы "Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін елімізде "Моноқалаларды дамыту бағдарламасы" әзірленген болатын.
Бұл құжатта моноқалаларды орта және ұзақ мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамытуды мақсат етіп, тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландырып, халқының жұмыспен қамтылуын қадағалап келеміз. Сондай-ақ, экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта бизнесті дамытуды, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттырып, жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуді ынталандырып, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына сәйкес дамытуды алдына міндет етіп қойғанбыз.
Аталмыш бағдарламаның арқасында Арқалық қаласының да реңі кіріп, көптеген істер қолға алынуда.
Көш түзеліп, көшелер көркеюде
Ең бастысы, қаланың құтын қашырып, көрген жанның үрейін ұшырып келген көпқабатты апатты үйлер сырылып, орны тегістеле бастады. Осы мақсатқа өткен жылы алғаш рет республикалық бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлініп, 17 ақаулы үй сырылған еді. Игілікті шара биыл да жалғасуда.
– Апатты үйлерді сыруға мемлекет қазынасынан 250 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 27 үй сырылады деп жоспарланған. Екі кезеңмен іске асырылып жатқан шарада сәуір-тамыз айлары аралығында 104,3 млн. теңге қаржы игеріліп, 11 апатты үй сырылды. Екінші кезеңде 111,8 млн. теңгеге 16 үйдің 14-і бұзылып, орны жермен жексен етіп тазартылды.
Мұның сыртында "ENRC" компаниясы 100 млн. теңге бөліп отыр. Осы қаражаттың көмегімен және 13 үй сырылады. Сонда қалаға бөлінген барлық қаржы құрамы 350 млн. теңгені құрайды. Яғни, ағымдағы жылы республикалық бюджеттен – 27, облыстық бюджеттен – 13, барлығы 40 апатты үйден арылатын боламыз. Жақында №9 мөлтек ауданнан 7 үй, №6 мөлтекауданнан 6 үй сырылады. Келісім-шарт бойынша бұл жұмыстар алдағы желтоқсан айының 20-на дейін аяқталуы тиіс.
Биыл республикалық бюджеттен бөлінген 274 млн. теңге қаржыға Арқалық жылу электр орталығының жылу қазандықтары күрделі жөндеуден өткізілді. Бағдарламаның қала көшелеріне тигізіп жатқан көмегі де орасан. Ағымдағы жылы Горбачев көшесіне 39 млн. теңгеге (18,400 метр) асфальт төселді. Маясова көшесінен Ш.Жәнібек көшесіне дейін (№4 мектептің тұсы) 3 млн. теңгеге (470 шаршы метр) көшеаралық жаяу жүргіншілер жолына төсемтас салынды. Пилоттық екі кезеңді жобамен өткен жылы Абай даңғылынан Горбачев көшесіне дейін (660 метр ), биыл Горбачев көшесінен Қайырбеков көшесіне дейін (547 метр), барлығы 1, 2 км. көшенің жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша көшенің кәріз, су құбырлары жаңартылды. Электр желілері жаңартылып, жарық шамдар, бағдаршамдар, жол белгілері толықтай алмастырылды. Атқарылған жұмыстар алдағы қараша айында арнайы комиссиямен қабылданатын болады, – дейді қалалық тұрғын үй, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жұмағали Мәмбетов.
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шағын қалалардағы объективті жағдайларды және қордаланып қалған әлеуметтік – экономикалық проблемаларды шешу жолдарын қарастырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28 маусымдағы бекі-тілген №728 Қаулысымен "Өңірлерді дамыту – 2020" бағдарламасы: ауылдық аумақты дамыту, білім жүйесін дамыту, денсаулық саласын дамыту "Саламатты Қазақстан", "Көлік құрылымын дамыту", "Жұ-мыспен қамту – 2020", "Бизнестің жол картасы – 2020", "Ақбұлақ" бағдарламасы, "Тұрғын үй кешенін жаңғырту", "Ауыл шаруашылық кешенін дамыту" мемлекеттік құжаттарын біріктірді.
Қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің есебіне сүйенсек, қазіргі таңда Арқалық қаласының 2013-2014 жылдарға арналған кешенді даму жоспары төмендегідей сипатта. 2013 жылы бағдарламаның 63 пункті бойынша, қарастырылған 25 жобаның (1 млрд. 421 млн. теңге), 18 жобасы (1 млрд. 97 млн. теңге) орындалды (77 %-дан астам). Атап айтқанда: Құс фабрикасын қалыптастыру және дамыту – 82,4 млн. теңге, "Нұр-Жайлау НС" ЖШС етті мал шаруашылығын құрылымдау – 250 млн. теңге, "Қазақстан алюминиі" АҚ ТБРУ оң-түстік -шығыс жаңа боксит кенорны бө-лігін игеру – 344,3 млн. теңге, шағын кәсіпкер-лікті дамыту несиесі – 15 млн. теңге, конкурс-тық негізде гранттар ұсыну – 43 млн. теңге, ша-ғын несиелендіру – 140 млн. теңге, кәсіп-керлікке оқыту – 2,1 млн. теңге, өзін-өзі қамтыған, жұмыссыз, аз қамтылған тұрғын-дарды оқыту – 4,1 млн. теңге, жұмыссыз, аз қамтылған тұрғындардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу – 26,6 млн. теңге. Ағымдағы жұмыстар жалпы сомасы – 89,4 млн. теңге, оның ішінде: "АЖЭК" МКК нысанының ағымдық жөндеу жұмыстары – 24,2 млн. теңге, балалардың ойын алаңдарын орнату – 9,2 млн. теңге, көшелерді жарықтандыру – 6,3 млн. теңге, көшелердің ағымдық жөндеу жұ-мыстары – 49,7 млн. теңге, апатты үйлерді сыру (17 үй) – 100,0 млн. теңге.
2014 жылы қарастырылған 18 жобаның (2 млрд. 56 млн. теңге) 12 жобасы (1 млрд. 228 млн. теңге) орындалды (60 %). Атап айтқанда: қаланың бас жоспарын әзірлеу – 15,6 млн. теңге, Әуелбеков көшесіне күрделі жөндеу жүргізу – 171,0 млн. теңге, "Нефтебаза" поселкесіне су құбырын тар-ту – 59, 7 млн. теңге, "Новый" поселкесіне су құбырын тарту (қашықтығы 14, 8 км) – 123, 5 млн. теңге, "Новый" поселкесіне ВЛ – 0,4 кВ электр желісін тарту (қашықтығы 14,73 км) – 176, 5 млн. теңге, қаланың көпқабатты үйлеріне және әлеуметтік нысандарына КЛ-0,4 кВ электр желісін тарту – 21,1 млн. теңге, шағын кәсіпкерлікті дамыту несиесі – 60 млн. теңге, конкурстық негізде гранттар ұсыну – 8 млн. теңге, шағын несиелендіру – 30 млн. теңге, кәсіпкерлікке оқыту – 2,1 млн. теңге, өзін-өзі қамтыған, жұмыссыз, аз қамтылған тұрғындарды оқыту – 8,9 млн. теңге.
Өзара іс-қимылдардың өрісі кең
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шағын қалалардың тек инфрақұрылымын жақсарту ғана емес, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуды көздейді. Кезең кезеңімен жүзеге асатын бағдарламаның арқасында елдегі кәсіпорындардың саны артып, жұмыссыздық көрсеткіші төмендейді.
– Бұл бағдарлама елдің ау-мақтық дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру тетіктерінің бірі. Бұл ретте құжат: "Өңірлерді дамыту", "Бизнестің жол картасы – 2020", "Жұмыспен қамту – 2020" және басқа бағдарламар шеңберінде шағын қалаларды дағдарыстан кейін орта және ұзақ мерзiмде дамыту болып табылады. Моноқалаларды дамыту бағдарламасының бір бағыты – шағын қалалардағы ірі кәсіпорындарға жан-жағындағы шағын кәсіпкерліктерді топтастыру арқылы өзара іс қимылдар жүргізу. Яғни, ірі кәсіпорындардың мұқтажы болса шағын кәсіпкерліктерді ынталандырып, бір-біріне қызмет көрсету. Арқалықтағы ірі кәсіп-орын – Торғай боксит кен басқармасы. Қаланың 50%-ын ТБРУ көтеріп тұр. Сондықтан, маңайындағы шағын кәсіпорындармен өзара іс-қимылдарды қамтамасыз ету үшін наурыз айынан бастап Іс-шаралар жоспары жасалған. Қала әкімі мен басқарма басшысы арасында екі жақты келісім-шартқа қол қойылды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша ТБРУ мен шағын кәсіпкерліктер арасында құны 113, 0 млн. теңгені құрайтын 13 келісім-шарт жасалды. Олар: "Баймағанбетов" ЖК ет өнімдері, "Агроинтерқұс" ЖШС жұмыртқа, "Ахмедов" ЖК ғимараттарды жөндеу және күтіп ұстау, "Алгоритм – Сервис" ЖК кассалық аппараттарды күтіп ұстау, дезинфекция қызметі "Дезинфекция" үкіметтік емес ұйымы. Кен орнынан түзілген топырақ үйінділерін тегістеу, рекультивация жасау "АБК-Неруд" ЖШС, баспалық қызмет "Батыр – Г" ЖШС, техниканың қосалқы бөлшектерін жеткізу "Хұсайынов", "Счастливая" ЖК. Жасалған қызмет құны 62, 2 млн. теңге. Бағдарламаның осындай пайдасы бар. Жан-жақты жұмыс жүріп жатса шаруашылықтар ілгері басып, әрі олардан түсетін салық жергілікті жердің қазынасына түседі.
Биылғы жылы мемлекеттік гранттар жобасы бойынша аймақтық үйлестіру кеңесімен оған 17 өтініш түсіп, оның 11-і комиссияда қаралды. Нәтижесінде 4 жоба мақұлданды. Олардың әрқайсы 2 млн. теңгеден грантқа ие болады. Тарқатып айтқанда: "Алтай" ЖК (жеке кәсіпкерлігі) "Дәретхана қағазын шығару", "Ташаева" ЖК химиялық тазалау және кір жуу, "Қазымбек" ЖК "автокөлік қорабын жөндеу". Бұл бұрын болмаған тың жоба. "Юськов" ЖК ауыл шаруашылық техникаларының валдарын жону. Жылдық ставкасы 6 пайыз. Өткен жылы 8 пайызбен алған болатын. Былтыр да 4 адам алған кәсіптерін дамыту үшін несие алған болатын, – дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Дархан Хамзин.
Бағдарлама моноқалалардың қазіргі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге, еңбек және экономикалық әлеуетті ескере отырып оларды одан әрі дамытудың перспективалық бағыттарын, сондай-ақ табиғи басымдықта-рын анықтауға бағытталған. Моноқалалардағы туындап отырған проблемаларды шешу стихиялық және құтқарушылық сипатта емес, жүйелі және ұзақ мерзімді шешуді көздейді.
Екі жылдық тәжірибеге сүйене отырып, Арқалық қаласының да болашақтағы дамуының нәтижелі болатынына көз жеткізуге болады. Қазірдің өзінде әкімдіктің шаруашылық бөлімдерімен келісе отырып, қаланың 2017 жылға дейінгі кешенді даму жоспары (республикалық және жергілікті бюджет есебінен 8 млрд. 381 млн. теңге) жасалып қойылған.
Қаланың даму көрсеткіші алдағы жылы да қарқынды болады деп күтілуде. 2015 жылға жалпы сомасы 2 млрд. 565 млн. теңгенің (2014 жылмен салыстырғанда 25% өсіммен) игеру жоспарланды. Атап айтқанда: шағын кәсіпкерлікті дамыту несиесі – 25 млн. тенге, конкурстық негізде гранттар ұсыну – 6 млн. теңге, шағын несиелендіру – 16 млн. теңге, жұмыссыз, аз қамтылған тұрғындарды оқыту, жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу – 29 млн. теңге, инженерлік-коммуникациялық құрылымдарды дамыту – 657,0 млн. теңге, оның ішінде: (жаңа жобалардың жетіспейтін құрылымдары үшін) "Агроинтерқұс" ЖШС – 287,0 млн. теңге, "Нұр-Жайлау НС" ЖШС – 200 млн. теңге, ТОО "Нұр-Жайлау АСТЫҚ" – 170 млн. теңге, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік – 177 млн. теңге (Жедел басқарма орталығының әкімшілік ғимаратын салуға жобалық-сметалық құжат әзірлеу), Қозыбаев көшесін жаңғыртуға жобалық-сметалық құжат әзірлеу – 6 млн. теңге, қаланың ағымдағы жұмыстары – 160 млн. теңге, оның ішінде: "АЖЭК" МКК нысанының турбоагрегатын ағымдық жөндеу – 30 млн. теңге, жылу қазандығын күрделі жөндеу – 70,6 млн. теңге, балалардың ойын алаңдарын орнату – 9,2 млн. теңге, қала көшелерін жарықтандыру – 6,3 млн. теңге, көшелердің ағымдық жөндеуі – 49,7 млн. теңге, иесіз үйлерді сыру – 300 млн. теңге, 3 білім нысанын жүйелеу (жалпы сомасы 948 млн. теңге), олар: мектепаралық оқу шаруашылық комбинаты ғимаратын балабақшаға (150 орындық) жабдықтау – 322 млн. теңге, Ш. Жәнібек көшесінен балабақша (280 орындық) салу – 50 млн. теңге, "Арқалық политехникалық колледжі" МКҚК ғимараттарын күрделі жөндеу – 576 млн. теңге.
Моноқала Арқалықтың бүгінгі тыныс-тіршілігі осындай. Талай қиындықты бастан өткерген қала қарышты өрлеу дәуірін бастан кешуде. Бұл өңір туралы сөз қозғалғанда биыл іске қосылған "Арқалық – Шұбаркөл" теміржолын атап өтпеу мүмкін емес. Елбасы Жолдауында айтқандай, теміржол құрылысының келуімен бірге өңірге жаңа леп келді. Ғимараттар күрделі жөндеуден өткізілуде. Жаңа салынған тұрғын үйлер қалаға сән беріп, тұрғын үй кешендері көптеп жаңғыртылуда. Алда әлі жарқын істер күтіп тұр. Қысқасы, мемлекет қамқорлығын жетік сезінген қала тұрғындары ертеңіне нық сенімде.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
Суреттерді түсірген автор.
Жаңғыртылған үйлер (Қос аққуға теңелген 9 қабатты екі үй)
Күрделі жөндеу жүргізілген Демченко көшесі
Дархан Хамзин, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы
Ж.Мәмбетов, қалалық "Тұрғын үй, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" бөлімі басшысының міндетін атқарушы