Бағдарлама жүзеге асырылуда

Сарыкөл ауданында осыдан үш жыл бұрын құрылған жұмыспен қамту орталығы  жемісті жұмыс жасап келеді.
Биылғы жылы ауданда "Жұмыспен қамту жол картасы–2020" бағдарламасының "Оқыту және жұмысқа орналастыру" сынды үшінші бағыты бойынша әлеу-меттік жұмыспен 50 адам қамтылды, соның ішінде жастар тәжірибесіне 13 түлек жолданды. Ал, жұмыссыздарды қайта даярлаудан токарь, сатушы, автослесарь, автоэлектрик, шаштаразшы, әлеу-меттік қызметкер сынды мамандар өтіп, 10 адам еңбек етіп жүр. Сондай-ақ, біліктіліктерін арттыру барысында газэлектрдәнекерлеуші мамандығы бойынша 2 адам курстан өтіп, жұмысқа тұрды.
Қазір аталмыш орталықта жұмыс беруші тараптарынан 2015 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құру және  жастар тәжірибесіне өтінім қабылдау өткізілмек. 
Руслан
      ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓