Балықшылар турнирі шақырады!
Құрметті балықшылар қауымы! 2023 жылдың 2 қаңтарында Жангелдин ауданында қысқы балық аулаудан ашық турнир өтеді.
Балықшылар жарысы Жаркөл ауылында екінші рет ұйымдастырылғалы отыр. Қатысуға ниет білдірушілерге ешқандай шектеу жоқ. Тек турнирге 3 мың теңге жарна төлеп кіру керек. Жүлде ең үлкен балық ұстаған және көп балық аулаған қатысушыларға беріледі.
Ұйымдастырушылар алқасы турнирге қатысушылар үшін өзен басынан арнайы киіз үй құрады. Онда ыстық шәй демделіп, уха (балық сорпасы) және құрт көже тағамдары дайындалады.
Өтінішті беру үшін 8 702 798 39 41 нөміріне хабарласып, тіркелу қажет.