Отшашу ойыншық емес

Қостанай облысында заңсыз пиротехника сатқан 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды."Пиротехника" жедел профилактикалық іс-шарасы шеңберінде полицейлер ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп үш күн ішінде 92 рейдтік іс-шара өткізді. Оның барысында пиротехникалық заттардың сауда орындары тексерілді.
Рейд барысында мобильді топ өкілдері ойын-сауық мекемелерінің басшыларына отшашуларды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керегін түсіндірді. Оларға жеке және мүліктік қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі туралы 220 хабарлама берілді.– "Пиротехника" жедел профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері облыста Рудный, Қостанай қалаларында, сондай-ақ Меңдіқара, Жітіқара, Федоров, Денисов және Б.Майлин атындағы аудандарда пиротехникалық бұйымдарды заңсыз өткізудің 12 дерегі анықталды. Пиротехника сатушылары ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы (Заңсыз сауда) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар 25 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеулері мүмкін, – дейді облыстық ПД азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы Әділхан Шаймарданов.   Естеріңізге сала кетейік, "Пиротехника" жедел профилактикалық іс-шарасы 3 қаңтарға дейін жалғасады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓