Рақымшылық жасалады

Бас прокуратурада Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша алқа отырысы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. сотталушы 1Алқа отырысы барысында бас прокурор ведомствоның қылмыстық саясатты гуманизациялауға бағытталған заң жобасын жасағанын мәлімдеді. 
"Қоғамдық жұмыстар, 260 қылмыс құрамы бойынша бостандықты шектеу енгізіліп жатыр. Айыппұл сомасы төмендеп, 36 құрам бойынша бостандықтан айыру мерзімі азаюда, ауыр қылмыстар бойынша жауапқа тартудың ескіру мерзімі 5 жылға қысқарды. Бұл сотталған бес мың адамды босатуға жол береді. Заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Заңдылықты нығайту бойынша жұмыс жалғасады", – деді Қожамжаров.
Бас прокурор ұсталғандар мен қамауға алынғандардың азайып жатқаны бақыланып отырғанын хабарлады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓