Ақынның мерейтойы

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жолбарыс қажы Баязидтің авторлық кеші өтеді.
Бұл  шара ақынның 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған.
16 мамыр күні сағат 15.00-де Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театрында өтетін кешке әдебиет пен өнер қайраткерлері, билік және жұртшылық өкілдері қатыспақ.
Келем деушілерге есік ашық.
 
Ардагерлерді құттықтады
"Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төраға-сының бірінші орынбасары Римма Бектұрғанова Ұлы Отан соғысының ардагерлері Нұрлықожа Рахметов пен Мұстафа Шаңдалиновтердің үйінде болып, мерекемен құттықтады.  
Қарт майдангерлердің хал-жағдайларын сұрастырып, оларға  сый-сияпат жасады.
 
"Сапалы азық-түлік – денсаулық кепілі"
Қостанай  облысы  тұтынушылар  құқығын қорғау департаменті өткізген акция осылай аталады.
Кеше   Қостанайдағы  азық-түлік  рыноктарында, сауда үйлерінде,  сондай-ақ  Рудный,  Лисаков,  Арқалық,  Жітіқара қалалары мен аудандарында азық-түлік сатып алушылар олардың сапасы мен қауіпсіздігін тегін тексерту мүмкіндігіне ие болды.
Ал, алдағы күндері "Қауіпсіз азық-түлік – әр үйге" облыстық акциясы өтеді.
 
250 түп ағаш отырғызылды
Жылдағы дәстүрмен күн жылынып, көктем шыға қала жұртшылығы тазалық айлығын өткізеді.
Таяуда  сенбілікке  облыс  әкімі Нұралы Садуақасов бастаған әкімдік қызметкерлері де бір кісідей қатысты. Әкімшілік ғимаратының алдын күл-қоқыстан арылтып, 250 түп ағаш көшеттерін отырғызды.
 
Ақын студенттермен кездесті
Жуырда  Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының "Шабыт" поэтикалық қонақжайында  Қазақстан Жазушылар одағының  мүшесі, ақын Нағашыбай Мұқатовтың  шығармашылығына арналған әсерлі кездесу кеші  өтті.
Кездесуде  белгілі ақын Серікбай Оспанұлы,  филология ғылымдарының кандидаты, доцент Күлзада Мырзағалиева және профессор, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы кеш иесіне өздерінің ақжарма тілектерін білдірді.
 
Суши-бар жабылуы мүмкін
Қостанай  қаласындағы атышулы суши-бар жабылуы ықтимал.  Бұл туралы қалалық прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында қала прокуроры жеткізді.        
"Қостанай қаласындағы суши-барда 13 адам тамақтан жаппай уланған еді. Бірсыпыра адам сол жерден тамақтанғаннан кейін,  ауруханаға  түскен.  Қазіргі  уақытта  қылмыстық іс қозғалды, оны жабу туралы талап қойылып отыр. Соңғы шешімді сот шығарады", – дейді Қостанай қаласының прокуроры Ә.Ерекешев.
 
Газеттің жүлдесі үшін жарысты
 Ұлы  Жеңістің 69 жылдығына орай аймақтық "Костанайские новости" газеті жеңілатлетикалық эстафета ұйымдастырды.
Жыл сайын дәстүрге айналған бұл шара осымен алпыс алтыншы рет өтіп отыр. Спорттық бәсекенің ресми бөлігіне облыс әкімі Н.Садуақасов қатысып,  барша желаяқтарды құттықтады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓