Белгілі дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау үздігі Серік Жұмабаев өмірден озды

Кеше, 23 желтоқсанда белгілі дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау үздігі Жұмабаев Серік Ембергенұлы 64 жасына қараған шағында өмірден озды.Серік Ембергенұлы жоғары санатты офтальмолог дәрігер, осы салада 40 жыл жұмыс істеді.
1959 жылы 25 маусымда Қостанай облысы Амангелді ауданында дүниеге келген. 
Амангелді кентіндегі С.М. Киров атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін 1976 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне оқуға түсті. 
1982 жылы институтты емдеу ісі мамандығы бойынша бітіріп, Алматы қаласындағы көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында Офтальмология бойынша бір жылдық интернатурадан өтті. 1983 жылы интернатураны аяқтағаннан кейін туған ауылына жіберіліп, 1988 жылға дейін Торғай облысы Амангелді аудандық орталық ауруханасының ауданаралық көз бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Ауылдың денсаулық сақтау жүйесінде алғаш рет көз микрохирургиясын, сонымен қатар, өзінің басқа да емдеу тәсілдерін тәжірибеге енгізді.
Білімге деген құштарлық пен жетілдіруге бейімділік Алматы қаласындағы көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында Офтальмология бойынша екі жылдық клиникалық ординатураға түсуге ықпал етті. Клиникалық ординатураны сәтті аяқтағаннан кейін Қазақ КСР ДСМ бұйрығымен практикалық қызметін одан әрі жалғастыру үшін көз аурулары ҚазҒЗИ республикалық лазерлік офтальмологиялық орталығының офтальмолог дәрігері болып тағайындады, онда 1992 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс істеді.1992 жылдың қыркүйегінен 1999 жылдың мамырына дейін Торғай облыстық ауруханасының көз бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Бөлімшеде жұмыс істеген кезеңде IOL имплантациясын (жасанды линзаны трансплантациялау), балалардағы катаракталарды хирургиялық емдеуді, глаукомаға операцияның кейбір түрлерін енгізді.
 1999 жылдың мамыр айынан бастап осы күнге дейін "Қостанай офтальмологиялық ауруханасы" ШЖҚ МКК жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап стационарлық бөлімше меңгерушісі лауазымын атқарды. 
      "Серік Ембергенұлы Жұмабаев өз өкілеттігін тек адал, жоғары кәсіби деңгейде, лауазымдық регламентке дәл сәйкестікте жүзеге асырды", – дейді әріптестері.
       Өзін талапшыл, сауатты және бастамашыл басшы ретінде көрсетті. Жақсы ұйымдастырушылық қабілетімен, кәсіби білім деңгейімен танылды.
Ауруханада жұмыс істеген кезеңінде С.Е. Жұмабаев көру органының патологиясы бар науқастарды емдеуде лазерлік хирургияны, торлы қабықтың бөлінуі кезінде хирургиялық араласуды енгізді, жасанды линзаны трансплантациялау үшін көрсеткіштерді, ересектер мен балалардағы заманауи инновациялық технологияның әдістерін (глаукомаға хирургиялық араласуда дренажды имплантациялау, жұмсақ көзішілік линзаларды трансплантациялаумен катарактаны факоэмульсификациялау) кеңейтті. Бұл енгізулер стационар жұмысының сапалық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етті. Яғни, науқастар төсекте бұрынғыдай көп жатпайтын болды.
2005 жылы "ҚР Денсаулық сақтау үздігі" төсбелгісімен марапатталды, бірнеше рет Денсаулық сақтау министрлігінің, облыс әкімінің және Торғай және Қостанай облыстарының денсаулық сақтау басқармаларының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
ҚазҒЗИ көз ауруларының пайда болғанына 80 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы офтальмологтарының съезінде Серік Ембергенұлы Жұмабаев "Қазақстан Республикасының үздік офтальмологы" атанды.
Еуропалық катаракта және сынықшы хирургтар қоғамының ESCRS мүшесі.
С.Е. Жұмабаев 36 жыл ішінде офтальмологиялық қызметте, қалаларда және республиканың ғылыми орталықтарында алған білімі мен тәжірибесін табысты жүзеге асыратын офтальмолог-микрохирург дәрігерлерінің бірнеше буынын тәрбиеледі.      
22 қазанда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Еңбек ардагері медалін табыс еткен еді.

Көптеген адамға жарық дүниенің ғажабын көру бақытын сыйлап, елдің батасына кенелген ақ халатты абзал жан. 

"Қостанай таңы" газетінің ұжымы марқұмның отбасына, туыстарына, ұжымына қайғыра көңіл айтады. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓