Қала құрылысы қайтсе жақсарады?

Қостанайда құрылыс компанияларының қатысуымен инвестициялық форум өтті. Алқалы жиынға келген құрылыс фирмаларының өкілдері өз ойларын ортаға салды. Жоспарларымен бөлісті. Мәселен, облыс орталығында ескі, апаттық жағдайда тұрған үйлер көп. Олардың орнына заманауи технологияларды пайдалана отырып, зәулім үйлер салу өзекті.  Ауылдарды да ұмытпаған абзал. 
-Бүгінгі инвестфорумның көздеген мақсаты қаламыздың келбетін жақсарту. Екіншіден, облысқа инвесторларды, алпауыт құрылыс компанияларын тартқымыз келеді. Сондықтан, бүгін елімізге танымал ірі құрылыс компаниялларын осы жиынға шақырып отырмыз. Жылына 500 мың шаршы метрден кем емес тұрғын үй құрылысын салуымыз керек. Ең бастысы, қаланың орталық бөлігін көркейтсек дейміз. Шеткері шағын аудандарды да ұмытпағанымыз жөн,- дейді облыстық құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.
Форумда сөз алған облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғын үй ғимараттарын саларда, олардың маңайын абаттандыру жағын ойластыру қажеттігін айтты. Өйткені, көп жағдайда, үй тұрғызылғанымен, жұрт демалатын орындар ескерілмейді. "Бүгінде қалада тұрғындар демалатын саябақ, жасыл-желекті алқаптар секілді қоғамдық орындар өте аз. Құрылыс алаңдарында тек баспана салуды ойлап, демалыс орындары ескерусіз қалып жатады.  Мұның бәрін  алдын-ала жоспарлау қажет,-дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов. Толығырақ газетіміздің келесі санынан толығырақ оқи аласыздар. 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓