Өзекті сауалдарға – тұшымды жауаптар

Сонымен қатар, сөз соңында ұлы Абай даналығынан мысал келтіріп, ел егемендігі мен өркендеуіне себеп болатын тұшымды ой білдірді. Қалың көпшіліктің арасындағы «Іргелес алпауыт мемлекеттің еліміздің солтүстік өңірлеріне көз алартуы мүмкін бе?» деген сұраққа да нақты жауап берілді. Мемлекет басшысы қаңтар оқиғаларына себеп болған өткір әлеуметтік мәселелер, теңсіздіктің белең алуы жайлы да сөз қозғады. Қазіргі таңда әлеуметтік желіде желдей есіп жүрген өзекті сұрақтардың бірі бейбіт шерушілер мен кінәсіз азаматтардың хал-ахуалына қатысты еді. Президент барлық келеңсіз жайттардан хабардар екенін, әр істі мұқият қарау, қарақшылар мен қарапайым халықтың ара-жігін анықтау жайында құзырлы органдарға тиісті тапсырма бергенін мәлімдеді.
Сұхбат соңында Қасым-Жомарт Кемелұлы біздің бір ғана Отанымыз бар екенін екпін сала айтып, халықты ауызбірлік пен еңбекқорлыққа шақырды. Халқымыздың қауіпсіздігі мен еліміздің тұтастығына нұқсан келтіре жаздаған оқиғаға өз бағасын орынды берді деп ойлаймын.
Ерлан Әбілов,
«Қарабалық ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы»
КММ басшысының міндетін атқарушы