Амангелді – 150: жоспар пысықталды
2023 жылы Ұлт-азаттық көтерілістің сардары, қазақ батыры Аманкелді Имановқа 150 жыл толмақ. Аудан әкімдігінде алдағы мерейтой жоспарын пысықтауға арналған жиын өтті. Жоспарды көпшілікке аудан әкімінің орынбасары Сүндет Жолдыбекұлы таныстырды.



Жиналыста аудан әкімі Талғат Карбозов мерейтойға дайындықты осы бастан қолға алып, жандандыру керек екенін, барлық жерлесті осы іске атсалысуға шақырды. Қатысушы тараптар аудан әкімінің сөзін бір ауыздан қолдап, батырдың мерейтойын жақсы деңгейде өткізуге уағдаласты.
Бибіт НҰРМҰХАНОВ
Аманкелді ауданы