Лайықты марапат иелері

4Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өңіріміз бен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени дамуына зор үлес қосқан бірқатар жерлестеріміз мемлекеттік наградаларға ие болды. «Жастар сарайы» мәдениет ошағында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов абыройға бөленгендерге марапаттарды салтанатты түрде табыс етті.
7 «Бүгін осы залда өңірдің дамуына күнделікті еңбегімен үлес қосып келе жатқан түрлі сала өкілдері жиналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен 48 қостанайлық мемлекеттік наградаларға ие болды. Бұл – қажырлы еңбектің нәтижесі және Отанымыздың игілігі жолындағы сіздердің қызметтеріңізге берілген жоғары баға. Әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруға қосқан зор үлестеріңіз үшін Сіздерге және ұжымдарыңызға алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер», – деді Архимед Мұхамбетов құттықтау сөзінде.
3«Парасат» орденімен «Фрунзенское» ЖШС директоры Николай Шерер, «Құрмет» орденімен Жітіқара ауданының әкімі Абай Ибраев, «Қостанай минералдары» АҚ Басқарма төрағасы Ербол Нұрхожаев, «Успеновское» ШҚ басшысы Анатолий Сергеев, «Шайхин» ШҚ басшысы Ғалымжан Шайхин марапатталды.
1«Заря» АҚ механизаторы Алексей Асанов, «Светлый Жарколь» ЖШС механизаторы Нұрлыбек Байсалбаев, «Хамитов» ШҚ механикалық ток машинисі Сергей Буллер, «Сыма» ЖШС механизаторы Серікбол Төлеміс III-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін кеуделеріне тақты.
9 Сондай-ақ, бірқатар қостанайлықтар «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат», «Халық алғысы» медальдарының, Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасы Президенті Құрмет грамоталарының, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгілерінің иегері атанып отыр.
8Марапатталғандардың арасында дәрігерлер, педагогтар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметшілер және бизнес өкілдері бар.
62Бұл жолы өңіріміздің өркендеу жолында аянбай тер төккен бес қостанайлық «Қостанай облысының Құрметті азаматы» атағына ие болып отыр. Олар: Ұлы Отан соғысының ардагері, ақын, жыршы, жорналшы Қасымхан Алдабергенов, «Мәскелеу» ЖШС директоры Зейнолла Жаңбыршынов, «Железнодорожное АМФ» ЖШС директоры Максим Артемук, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Бағила Баймағамбетова және ақын, драматург Ақылбек Шаяхмет.
5
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓