Ауылы аралас, қойы қоралас еліз Челябі және Қостанай облысы арасындағы шартқа қол қойылды

IMG_1643Өңірімізге Ресей Федерациясы Челябі облысының делегациясы екі күндік іс сапармен атбасын тіреді. Құрметті қонақтарды мәслихат хатшысы Сайлаубек Ещанов бастаған біздің жақ шекарамыздан қарсы алып, қонақжайлығымызды таныттық. Алпауыт ел Ресейдің экономикасына бірден-бір өзіндік үлесін қосып отырған Орал өңіріндегі бұл қала нағыз стратегиялық аймақ болып саналады. Мұнда машина, трактор құрастырумен қатар әскери техника шығарылады. Бір ғана нән металлургиялық зауытының өзі неге тұрады дерсіз?..
Қашаннан ынтымақта ғұмыр кешіп, саяси көзқарасы бір жақтан табылатын Қазақстан мен Ресей елі бұл жолы да  шынайы  достықтың,  экономикалық әріптестіктің арқасында біраз жетістіктерге жететіндігін тағы бір байқатты. Алғашқы күні көрші өңірдің "Урал" мемлекеттік ансамблінің өнеріне тәнті болдық.
Шығармашылық ұжым әлемді шарлап, көптеген мемлекеттің үлкен-үлкен сахналарында өнер көрсетіпті. Тіпті, БҰҰ-ның арнайы шақыруы-мен де қойылымдар қойыпты.
Келесі күні екі облыс басшысы Нұралы Садуақасов пен Борис Дубровскийдің қатысуымен кәсіпкерлер форумы өтті. Мұнда әр өңір өз облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуын, инвестициялық потенциалын әңгімелеп берді. "Экономикалық әріптестіктің аспектілері" тақырыбындағы форум бізге де, келесі жаққа да біраз септігін тигізетін тәрізді. Бір айта кетерлігі, осы жылдың қыркүйек айында шекаралық әріптестікті арттыру бағытында Ресей мен Қазақстан президенттері Атырау қаласында ке-зекті рет бас қосқан болатын. Со-ның негізінде ұйымдастырылып отырған бұл іс-шараның мақсаты мен міндеті әбден айқындала түсті. Осының алдында ғана Н.Садуақасов қыркүйек айында Челябі шаһарына барып экономикалық, әлеуметтік, оқу-білім және мәдени қатынастарға келі-сім жүргізген-ді. Енді, міне, алқалы мәжіліс Тобыл топырағында өтіп отыр.
Статистиканы сөйлетер болсақ, 2010 жылға қарағанда біздің өңірдің сыртқы саудасы Ресей-дің көршілес өңірімен IMG_17491,5 млрд. долларға жетіпті. Бұл әжептәуір көрсеткіш. Бақылап отырсаңыз, бұл көрсеткіш алдағы уақытта еселей түсетіні тағы да анық.  Се-бебі, Қостанай облысының өңір-лік кәсіпкерлер палатасы мен Оң-түстік-Орал сауда-өндірістік палатасы бірлескен келісім-шарт, меморандумына қол қойды. Бұл мә-жілістен кейін Борис Дубровский бастаған  делегацияны облыс әкімі "Қостанай МБИ", "ЕвразКаспианСталь" ЖШС-не және "Баян-Сұлу", "Агромашхолдинг" АҚ-на барып, кәсіпорындардың жұмыс істеп жатқандығымен таныстырды. Бұл кездесулерде Н.Садуақасов әріптестіктің арқасында екі облыс бірталай жетістіктерге жеткендігін әңгімелеп берді.
– Сіздерге мал шаруашылығы өнімін және бірнеше азық-түлікті экспорттап келеміз. 1 қазандағы дерекке сүйенсек, 395 тонна ірі қара еті жөнелтілген. Бұдан сіз-дер мен біздер көп пайда көрдік, – деп экономикалық қарым-қатынастың  арқасында  болып   жатқан басқа да жайттардан хабар берді.
Дәл осы күні қала әкімі Ахмедбек Ахметжанов пен Станислав Мошаровтың модераторлығымен қала, аудан мен көршілес елдің муниципалит басшылары қатысқан дөңгелек үстел басындағы әңгіме ұйымдастырылды. Бұнда да екі ел арасындағы ынтымақтастық, бірлескен әріптес-тік экономикалық қарым-қатынас мәселелері сөз болды.
Лисаков қаласының әкімі Марат Жүндібаев, Федоров ауданының әкімі Қайрат Ахметов, Жітіқара ауданының әкімі Мейрам Өтешов көршілес елдің муниципалитет басшылары арасында кеңінен әңгіме өткізілді. Себебі, бұл қала мен аудандар көршілес өңірмен сауда-саттық қатынасы жағынан басқаларына қарағанда анағұрлым жақсы. Ресейдің Бреда ауданы Жітіқара ауданымен тек қана сауда-саттық төңірегінде ғана емес, спорт пен мәдени байланыс бойынша да қарқынды дамуда.
…Екі ел арасындағы алқалы мәжіліс ынтымақ пен береке-бірліктің арқасында әлеуметтік-экономикалық дамуды арттыра түсіп, әлеуетімізді достықпен көтеретініне көз жеткізді. Себебі, біз ауылы аралас, қойы қоралас елміз!
Нұрболат
          МЕШІТБАЕВ
СУРЕТТЕ: қонақтарды шекарадан қарсы алу сәті.  Шекаралық әріптестікті арттыру мақсатында өткен мәжіліс.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓