Кездесудегі келеді әңгіме
"Нұр Отан" Орталық аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары, "Нұр Отан" партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің хатшысы, заң ғылымының кандидаты, доцент Серік Галиев, "Нұр Отан" Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлия Сапарова Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы және тыңдаушыларымен кездесті.
Кездесуді академияның бастығы полиция полковнигі М.Қызылов ашты. – Серік Жақыпбекұлы, 2000-2001 жылдар аралығында біздің сол кездегі заң институтының бастығы болған-ды. Сондықтан да Серік Жақыпбекұлы біздің оқу ордасы үшін ерекше әрі құрметті қонақ екенін айтқанымыз жөн, – деді бізге академияның баспасөз қызметінің маманы О. Уақпаева.
Кездесу барысында Серік Жақыпбекұлы өзінің өмірі жайлы, қызмет атқару кезіндегі қиын да қызықты оқиғаларды айта келіп, "Нұр Отанның" XV съезінде партия Төрағасы Н. Назарбаев "Саяси көшбасшылықтың принципті мәселесі ретінде сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресудің стратегиясын әзірлеуді" тапсырғандығын, осы тапсырманы жүзеге асыру және
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын жасау мақсатында "Нұр Отан" партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес Мәжілістегі "Нұр Отан" партиясы фракциясының депутаты Нұрлан Әбдіровтің басшылығымен жұмыс тобы құрылғандығы туралы және жұмыс тобының құрамына танымал заңгерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдері кіргендігін, 2015-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламаның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтау, қоғамның барлық топтарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тарту болып табылатындығын жеткізді. Сонымен бірге академияның профессорлық-оқытушылар құрамы бүгінгі таңда заман талабына сай тыңдаушыларға жоғары кәсіби білім беріп, Отанының, елінің патриоты болуға, Қазақстан Республикасының Конституциясын қалтқысыз сақтауға, ішкі істер органының болашақ офицері атанып, қызметтік міндеттерін адал орындауға, қиындықтарға төзе білуге үйрету қажеттілігін айтып өтті.
Кездесу соңында қонақтар оқу ордасына, мұражайына экскурсия жасады.
Гүлназым
САҒИТОВА