Жоспар – жұмыссыздықты жою
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша қала және аудан әкімдерімен кеңес өткізді. Аймақ басшысы бұл туралы «Инстаграм» желісіндегі жеке парақшасында жазды.Осы жылы облыста 282 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда, оның 75-і әлеуметтік-мәдени объектілерге тиесілі, 43-і – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысаны, 149-ы – инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектісі және облыстың елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру бойынша 15 жоба қолға алынған.
«Барлығы 14 340 жұмыс орнын құру және жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша кемінде 50% немесе 7 170 жұмыссыз азаматты жұмысқа орналастыру жоспарланған. Жұмыстар аяқталғаннан кейін 682 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда», – деп жазды аймақ басшысы.
А.Мұхамбетовтің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда Жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша 5 788 адам қос қолға бір күрек тапқан.
Жалпы, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасының жобаларында жалақы мөлшері орта есеппен 86 331 теңге болып белгіленген.
Облыс әкімі аталған бағдарламаның жоспарланған жобаларын іске асыру жұмыстарын жандандыруды тапсырғанын жазды.