Қымбат жобалардан бас тарту керек – облыс әкімі
Бүгін өңір басшысы Құмар Ақсақалов қала-аудан әкімдерімен және облыстың мемлекеттік мекемелерінің басшыларымен кеңес өткізді. Жиын барысында COVID-19 дертінен сақтану шаралары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саладағы мәселелер талқыға алынған. Бұл туралы облыс әкімі Instagram-парақшасында жазды.Өкінішке қарай, науқастардың саны 2,5 есе өсті. Осыған байланысты ревакцинация жұмыстарын қайтадан қолға алған жөн. Сонымен қатар, тұрғын үй мен жол құрылысы, жылумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды."Осыған сай басқармаларға бірқатар міндеттер жүктелді: ауылдарда кірме жолдар мен кентішілік жолдарды салу; қымбат жобалардың құнын азайту; қажетсіз шығындарды оңтайландыру арқылы бюджет қаражатын үнемдеу; үнемделген қаражатты әлеуметтік саланы дамытуға, оның ішінде медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағыттауымыз керек", – деп жазады облыс әкімі.Өңір басшысы қымбат жобалардың орнына ауылдарды сумен қамтамасыз етудің әлдеқайда маңызды екенін айтты.