Байқау бақ сынауға шақырады

Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы Қазақстан Жазушылар Одағымен біріге отырып балалар шығармашылығымен айналысып жүрген авторлар арасында «Үздік балалар шығармасы» байқауын жариялайды.photo_71290
Материалдар 2020 жылдың 25 қазанына дейін қабылданады. Жобаның қорытындысында жүлдегерлер қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталып, шығармаларын жинаққа енгізу мүмкіндігіне ие болады.
 
Байқау ережелері:
«Үздік балалар шығармасы» байқауына қатысушылар үшін ешқандай жас шектеуі жоқ. Байқау номинацияларының өзіндік ерекшеліктері бар. Шарттар түгел орындалған жағдайда қатысушы шығармалары байқаудың жүлдесіне үміткер ретінде тіркеледі.
Байқауға жіберілетін шығармалар келесі электронды пошта арқылы қабылданады: konkurskp01@gmail.com
 
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқауға төменде көрсетілген жас санаттары бойынша жазылған материалдар қабылданады:
1-санат: мектепке дейінгі кезең (6 жасқа дейінгі балалар үшін жазылған шығармалар);
2-санат: бастауыш сынып оқушылары үшін жазылған шығармалар (6-10 жас аралығындағы балалар үшін жазылған шығармалар).
3-санат: жасөспірімдер үшін жазылған шығармалар (10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін жазылған шығармалар).
Жоғарыда аталған үш түрлі жас санаттарына байланысты қатысушылардан келесі жанрлар бойынша шығармалар қабылданады:
– ертегілер, қоршаған ортаны таныстыру кітаптары (санамақ, жан-жануарлар, өсімдіктер, түстер, аспан денелері және т.б.), суретшілердің картиналары;
– аңыз әңгімелер, өлеңдер, тақпақтар;
– эссе, әңгіме, шағын хикаялар.
Байқауға қатысушылар келесі шарттарды түгел орындамаған жағдайда жүлдеден үміткерлер тізіміне қосылмайды:
– шығармалардың тәрбиелік мәні болуы тиіс;
– шығармаларда балалар психологиясына кері әсер ететін дүниелер болмауы керек;
– шығармалар замануи әдебиет шарттарына сай келуі қажет;
– байқауға жіберілетін еңбектердің көлемі 15 беттен (14 кегль, Times New Roman шрифті, жол аралық интервал – 1) талап етіледі;
– материалдардың бұрын-соңды еш жерде жарияланбағаны қатаң тексеріледі.
Қатысушыларға қойылатын талаптардың маңызды легі төмендегідей:
– байқау мақсатына сәйкес, жіберілетін шығармаларды басып шығару кезінде заманауи технологияларды қолдану жолдарын көрсету (аудиокітап, 3D, 5D, хош иіс шығаратын кітап, түрлі дыбыстар шығаратын кітап және т.б.)
– байқауға жолданған шығармалармен бірге автордың бұл шығарманы жазудағы мақсаты және өзі туралы толық ақпаратты қосымша бет арқылы жолдауы талап етіледі.
Байқауға жіберілген материалдарды қабылдау келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:
– ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ресми сайтында көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген материалдар қабылданбайды;
– ұйымдастырушы тараптың талабына сәйкес келмейтін материалдар қатысушылар қатарына қосылмайды;
– келіп түскен материалдарды арнайы бөлім іріктеп, қатысушыларға қажетті ақпарат беріп отырады;
– байқау қорытындысы ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ресми сайтында жарияланады.
 
Байқау нәтижесі
Байқау қорытындысын шығару үшін балалар жазушысы, бастауыш сынып мұғалімдері, тіл мамандары сияқты балалармен тікелей жұмыс істейтін мамандардан сараптамалық комиссия құрылып, байқауға қатысушы шығармаларды іріктейді. Дәл осы мамандардың шешімімен бала тәрбиесіне оң ықпал ететін (жас санатына қарай) шығармалар жеңімпаз атанады.
Үш номинация бойынша жүлделі орын алған шығармалардың авторлары қомақты қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Байқау қорытындысы қазан айының соңғы он күнінде ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ресми сайтында жарияланады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓