Қостанайлықтар назарына!
19-26 желтоқсанда Қостанай қалалық ауруханасы қалалықтарға шұғыл көмек көрсету қызметін уақытша тоқтатады. Бұған травмотологиялық пункт пен қабылдау бөліміндегі жөндеу жұмыстарының басталуы себеп болып отыр. Шұғыл пациенттерді және травмотологияға жүгінетін тұрғындарды 1 мамыр көшесі, 151-үй мекенжайында орналасқан Қостанай облыстық ауруханасының базасы қабылдайды.