Мектепте қай тілде сөйлесіп жүрміз?

Сіздерді көптен бері мазалап жүрген мына бір жайға назар аударғым келеді. Облыстағы Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара сияқты қалалар мен аудандарда  ресми тілде оқытатын білім беру мекемелерінде тәлім алып жатқан оқушыларды айтпағанда, ұлттық мектепте оқитын балалардың өздері  үзіліс кезінде, сабақтан қайтқанда, былай шыға бір-бірімен орысша  шүлдірлесе жөнеледі. Мұның себебі неде? Қазақша сөйлеуге балалар мен  жастарымыз неге енжар? Айналамызға қарасақ, мемлекеттік тілге деген назар, байып, бағыт  жеткілікті. Мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жа-салған. Ешкім үйренбе, қолданба, сөйлеспе деп жүрген жоқ.
Меніңше, алдымен ата-аналар, ата-әжелер қатты ойлану керек. Отағасы мен отанасы нені құрмет тұтса, бала да соны құрметтейді. Үйде қазақша сөйлеуді дағдыға айналдырып, бойға сіңдірген абзал. Әке-шешесі қазақша сөйлейтін бала ешқашан өзге тілдің жетегінде кетпейді. Сондықтан ұрпақ қамын шын ойлаған ата-ана отбасында тек туған тілде сөйлескені абзал. Оның үстіне ғаламторға үйірілгенде, қазақша сайттарды тауып көруге, қазақша ойындарға ынтасын оятса, қандай жақсы!
Содан соң мектептегі мұғалімдер мен тәрбиешілер. Үзілісте балалардың таза қазақша сөйлесуіне бақылау жасап отыру керек. Оларды неғұрлым қазақша сөйлеуге баулу, дағдыға үйретудің амалдарын қарастырып, қолдана білсе нұр үстіне нұр!
     Гүлнара Дүйсембаева.
Қостанай қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓