Ең ибалы, ең ақылды, ең ізгі

Бүгін облыс орталығында қалалық «Мирас» мәдениет сарайында халықаралық әйелдер күніне орай «Пай-пай, қазақтың келіндері-ай» атты байқау өтті. Бұл байқауға қаладағы полиция академиясы, халыққа қызмет көрсету орталықтары, мектептер мен кітапханалардың мамандары қатысты. Ата-баба салт-дәстүрін берік ұстанған қазақ келіндері арасындағы сайыс жоғары деңгейде өтті. Үміткерлерге түрлі тапсырмалар берілсе де, олардың қай-қайсысы да қилы сынақтан сүрінбей өтіп жатты. Дегенмен, қара қылды қақ жарған қазылар кіл үздіктен бір үздікті анықтауға күш салды. Тұрмыстағы әдет-салттарын сахнада паш еткен келіндерге елге танымал өнер майталмандары, ұлағатты ұстаздар әділ бағаларын берді.
Сайыс қорытындысында жүлделі 1-орынды Шырақбек Қабылбаев атындағы полиция акдемиясының бөлімше инспекторы Перизат Жұмабек жеңіп алды. 2-орынға Н.Островский атындағы қалалық кітапхана маманы Мөлдір Бажирова лайық деп танылды. Ал жүлделі 3-орынды ХҚКО маманы Зәуре Сүлекеева мен №28 мектеп-гимназия қызметкері Айнұр Санай иеленді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓