Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Әулиекөл және Қарасу ауданының тұрғындарымен кездесті. Сондай-ақ, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аймақ басшысы бірінші кезекте екі ауданның тұрғындарын облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, оларды мазалаған сұрақтарға жауап берді.
Негізінен тұрғындарды ауыл көшелерін жарықтандыру, мектептер мен жолдарды жөндеу, елді мекендерді газдандыру және т.б. мәселелер қызықтырды, өңір басшысы барлық мәселелер мен ұсыныстар басымдықтар негізінде шешілетінін атап өтті.
Әулиекөл ауданын одан әрі дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы саласында бірнеше жоба іске асырылуда, өйткені аудан аграрлық сектор көшбасшыларының бірі болып саналады.
Мысалы мұнда мал шаруашылығы саласында ірі қара мал тұқымын түрлендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауданда ІҚМ Әулиекөл тұқымын өсірумен 8 шаруашылық айналысады, бүгінгі күні мал саны 9050 басты құрайды.
Инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Әулиекөл ауылында ұзындығы 128 шақырым газ тарату желілерінің құрылысы бойынша жобаны іске асыру аяқталды.
Сондай-ақ, су құбыры құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аманқарағай ауылында жалпы сомасы 2,6 млрд. теңгеге су құбырының құрылысы басталды және Новонежин ауылында, ауданның 10 елді мекенінде су құбырының құрылысы жалғасып жатыр.
Бұдан бөлек, "Ауыл-Ел бесігі" жобасы аясында ағымдағы жылы Құсмұрын кентінің 4 көшесінде орташа жөндеу жүргізіледі. Құсмұрында 320 орындық мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектеп салу жоспарда бар.
2022 жылдың бюджетінде "Әулиекөл – Жалдама – 0-50 км" және "Әулиекөл – Москалев – Мақсұт – Смайлов – 40 – 52 км"облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының екі учаскесіне орташа жөндеу жүргізуге қаражат көзделген. Бұдан басқа, республикалық маңызы бар "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған 55 – 129 км" жолын орташа жөндеу жоспарланған.
Айта кету керек, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020/2021 жылдары бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлердің жыл сайынғы рейтингін жасады, онда Әулиекөл ауданы республика бойынша 200 әкімшілік-аумақтық бірлік арасында бизнес жүргізу үшін үздік аудан болып танылды.
Қарасу ауданында да кәсіпкерлік өркендеп келеді. Бұған шағын және орта бизнестің дамуы дәлел бола алады. "Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кепілдендіру мен субсидиялауға бірден 14 жоба мақұлданды. Жалпы сомасы 85,9 млн теңгені құрады.
Ет, сүт және жұмыртқа сияқты ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі артып келеді. Ірі қара, ұсақ мал, жылқы мен құс саны өсуде.
2022 жылы "Қарасу және Восток ауылдарының таратушы су құбыры желілерін қайта жаңарту" құрылысын аяқтауға 683,4 млн.теңге бөлінді. Сондай-ақ, Комсомольское, Қызкеткен, Амангелді, Люблинка сияқты 4 ауылды сумен жабдықтау құрылысы жалғасуда.
Сонымен қатар, облыс әкімі екі ауданда жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады.
-Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында халықтың өмір сүру сапасын арттыру бойынша тапсырма берді. Бұл бағытта біз бірқатар ірі жобаны қолға алдық. Сондықтан өмірлік маңызы бар салаларды қамтамасыз ету мәселесі уәкілетті органдардың тұрақты бақылауында болуға тиіс. Жергілікті атқарушы орган балабақшалар, мектептер, ауруханалар сияқты әлеуметтік нысандардың құрылысын арттыруы қажет. Бүгін тұрғындар көтерген мәселелерді тезірек шешуге тырысамыз, – деп қорытындылады облыс әкімі.
Кездесу қорытындысы бойынша өңір басшысы аудан әкімдеріне аудандарды дамыту мен абаттандыру, халықты жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓