“Ырыс” бағдарламасы бойынша бірінші несиелер берілді

"ҚазАгро" Холдингінің еншілес компаниясы – "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ – "Ырыс" бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. "Агробизнес – 2020" салалық бағдарламаның аясында ірі қара малдың 50 және 100 басына арналған сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту бойынша жобалар қаржыландырылады.
5-5"Ырыс" бағдарламасы бойынша қаражат сүтті асыл тұқымды аналық мал басы мен қажетті техника, құрал-жабдықтарды сатып алуға бағытталады.
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаевтың айтуынша, несиенің максималды сомасы – 60 млн. теңгеге дейін, мерзімі – 7 жылға дейін, сыйақы үстемесі – субсидиялауды есептегенде, жылына 4%, субсидиясыз – 11%.
Қарыз алатын заңды немесе жеке тұлға төлеу қабілеттігі мен қаржылық тұрақтылықты көрсе-тіп, салық және бюджетке басқа да төлемдер бойынша, екінші деңгейдегі банкілер мен басқа да қаржылық институттарына мер-зімі өткен берешегі болмау керек. Сонымен қатар, малға қажетті инфрақұрылым (электр және сумен қамтамасыз етілген, елдімекеннен тыс жер телімінде орналасқан сүтті-тауарлы мини-фермасы) және жем-шөп базасы болуы тиіс. Және шаруашылықтағы мал-санитарлық жағдайына да талаптар қойылады.
Қарыз алушының өзінің жекеменшігіндегі ІҚМ аналық басының сатып алынатын мал басына ара-қатынасы 1:5 болуы қажет. Сүтті-тауарлы фермалардағы менеджмент және контроллингті ұйымдастыру негіздерін оқу туралы сертификаты, немесе шаруашылықтың штатында зооветеринария саласының маманы болуы керек.
Жоба бойынша сүтті тұқымды мал сатып алынады. Міндетті түрде табындағы аналық мал басына 1:30 ара-қатынаста асыл тұқымды бұқа-өндіруші болуы тиіс. Немесе қолдан ұрықтандыруды жүргізу туралы мамандандырылған ұйымдармен  келісім-шарт жасалынуы керек.
Бүгінгі таңда Қор тарапынан 260,1 млн. теңгеге 8 жоба қаржыландырылды. "Ырыс" бағдарламасы бойынша бірінші болып қаржыландырылған жобалардың ішінде – Солтүстік Қазақстан облысындағы "Таштан" ЖШС және "Айлана" ЖК, Ақмола облысындағы "Үміт" ШҚ, Павлодар облысындағы "Дидар" ШҚ.
Жалпы, 2014 жылы отбасылық сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейтуге "Ырыс" бағдарламасы бойынша 1 млрд. 281 млн. теңге бөліну жоспарланған. 30 жобаны жүзеге асырудың нәтижесінде 2 мыңнан астам сүтті ірі қара мал сатып алынады деп күтілуде.
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ баспасөз қызметі.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓