ЖАҒДАЙ УШЫҒЫП БАРАДЫ

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қостанай облысы «сары аймаққа» көшті. Бұл жөнінде аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

"10 қаңтарда облыста коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 3 жағдайы, 11 қаңтарда – 39 жағдай тіркелген болса, 12 қаңтарда 94 жағдай тіркелген.
Осыған байланысты шектеу іс-шараларын күшейту туралы тиісті қаулы қабылданды:

– ашық ауада, сондай-ақ үй-жайлардың ішінде бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

-қызметкерлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды жүргізуге қарамастан, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру;

– 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін мектеп оқушыларын оқыту онлайн форматқа көшіріледі, орта және жоғары оқу орындары студенттері  2022 жылдың 6 ақпанына дейінқашықтан оқытылады.

Құрметті облыс тұрғындары, сіздерді өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы үшін жауапкершілік танытуға, эпидемияға қарсы іс-шаралардың барлық ережелерін сақтауға және COVID-19-ға қарсы уақтылы вакцинациядан, сондай-ақ ревакцинациядан өтуге шақырамын," делінген хабарламада.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓