Жылдың үздік студенті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына арнаған жолдауын ҚР жастары арасында кеңінен насихаттау  мақсатында "Жылдың үздік студенті" атты республикалық байқау өткізілді. Байқауға еліміздің барлық өңірінен студенттер қатысты. Олар өздері жайлы жазған екі беттен кем емес автобиография мен диплом, алғыс хат сынды құжат көшірмелерін байқау ұйымдастырушыларына үш тілде жолдаған. Нәтижесінде білім, ғылым, өнер, спорт саласында жетістікке жеткен  және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары белсенді студент жастар іріктеліп,"ҚР үздік студенті -2022" атты талантты студенттердің кітап – жинағына енді. Жинаққа еңген көшбасшы студенттер Астана қаласына марапаттау рәсіміне шақырылып, қоғамға белгілі тұлғалардың қолынан марапат алды. А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ, қазақ филологиясы мамандығының 3 курс студенті Жақсылық Сәнімгүл Сәкенқызы республикалық байқаудан  I дәрежелі диплом мен "Жылдың үздік студенті" төсбелгісімен марапатталды.
Сәнімгүл Сәкенқызының бұған дейін жеткен жетістіктері аз емес,  толығырақ тоқтала кетсек..
– Жалпы аталмыш байқауларға мектеп кезінен бастап қатысамын. Көптеген марапаттар мен жетістіктерім бар. Негізі мектеп кезінен бастап аудандық байқауларға қатысып жүлделі орындар иелендім,Облыстық кезеңде өттім. Республиклық эссе байқауынан мектеп кезінде онлайн байқауға қатысып 2 орын алғанмын. Мектеп кезінде көптеген байқауларға қатысқам, бірі есімде қалса, бірі қалмады. Сондай- ақ мектепті Алтын белгіге бітіргенмін. Осы тұста ерекше жетістіктерімді айта өтсем: «Bilim – orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Дарынды жастар» жобасы аясында «Қазақстан Республикасы Жастарының 100 жаңа есімі» атты республикалық байқауға қатысып, I дәрежелі диплом иелендім. ҚР Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, көшбасшылық қабілетін көрсете білгені үшін «ҚР Жастар саясатына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін иелендім. « Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған  Халықаралық Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен студенттер арасындағы онлайн олимпиадасының жеңімпазы II дәрежелі диплом « Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған  Республикалық   Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен студенттер арасындағы онлайн олимпиадасының жеңімпазы III дәрежелі диплом. М.Сералиннің 150 – жылдық мерейтойы аясында және КЕАҚ облыстық «Қостанай таңы» газетінің 100 – жылдығына арналған «Заманауи журналистика және PR-дың өзекті мәселелері» атты IV Халықаралық ғылыми- практикалық конференция материалдар жинағында «Әлеуметтік желідегі лексика» мақалам жарық көрді. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған « Ахмет Байтұрсынұлы тағылым» атты студенттердің республикалық ғылыми- зерттеу байқауында II дәрежелі дипломын,  « Ustaz tilegi» Республикалық  ғылыми-әдістемелік сайтында оқу әдістемелік материал жариялағаны үшін алғыс хатын алдым. Жақында ғана өткен  «ҚР үздік студенті – 2022» төсбелгісі мен марапатын иелендім. Алдағы уақыттада көптеген байқауларға белсене қатысамын.
– Сәнімгүл Сәкенқызы, сізге алдағы байқауларда, сайыстарда толағай табыс пен сәттілік тілейміз!
                                                                              Айдана МАНАТ,
                                                                              КРУ студенті

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓