COVID-19: +74
13 қаңтарда Қостанай облысында 74 адамнан коронавирус табылды.
атап айтқанда, Қостанай қ. 34 адам, Рудный қ. – 17, Лисаковск қ. -8, Жітіқара қ. – 6, Қостанай, Денисов және Меңдіқара аудандарында 3 адамнан індет жұқтырған.
61 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде, 12 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдікті ретінде, 1 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 53 адамда ауру белгілері болды, 21 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 13 қаңтар аралығында COVID-19-ды 8379 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 7535.