Құмар Ақсақалов: “Туған өлкемді дамытуға күш саламын!”

Қостанай облысының жаңа әкімі Құмар Ақсақалов өңір халқына үндеу жариялады, деп хабарлайды Қостанай таңы өңір басшысының Инстаграм-парақшасына сілтеме жасап.
"Құрметті қостанайлықтар! Туған жерімді дамыту үшін орталарыңызға оралғаныма қуаныштымын. Жерлестеріммен тығыз қарым-қатынас орнатып, іскер азаматтардың қолдауына сенемін! Мен Ұзынкөлдің тумасымын. Мектепті Арқалықтан бітірдім. Еңбек жолын Сарыкөлде бастадым. Бейімбет Майлин атындағы және Меңдіқара аудандарын басқардым. Оңтүстік, Орталық пен Солтүстікте жұмыс атқардым. Қайда жүрсем де, туған жеріме деген ілтипатым мен сағынышым өшкен емес. Сіздердің қолдауларыңызбен бар білімім мен тәжірибемді туған өлкемді дамытуға жұмсамақпын. Ісіміз оңынан болғай!" – деп жазды облыс әкімі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓