Қостанайлық спортшы топ жарды

Қостанайлық Иван Тутукин GASENERGY TEMIRADAM Cup Turkestan жеңімпазы атанды. Бұл туралы облыстық триатлон федерациясының мамандары хабарлайды.
Түркістан қаласында көпткен күткен триатлон маусымы ашылды. Кәсіби триатлоншылар арасындағы ұлттық кубоктың бірінші кезеңі Тұңғыш Президент саябағында өтті.⠀
Қостанайлық Иван Тутукин «PRO» санатында үздік атанды. Ол жарысты 00:58:05 нәтижесімен аяқтады.
Юлия Озерова Қазақстан Кубогының әйелдер стартының «Элит» санатында өнер көрсетіп, 01:08:08 нәтижесімен екінші орынға ие болды. Сонымен қатар, Юлия Озерова «PRO» санатында 01:09:18 нәтижесін көрсетіп, үшінші жүлделі орынға ие болды.
Сайысқа Нұр-Султан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Ақтөбе, Қостанай мен Түркістан облыстардан келген 50 спортшы қатысты. Олар осы сайыста алғаш қолданылған абсолюттік есептегі спринт қашықтығында сынға түсті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓